- Басты
- Жаңалықтар
- С.Сәрсенов: Қазақстанда пошта қауіпсіздігі шаралары күшейтіледі
С.Сәрсенов: Қазақстанда пошта қауіпсіздігі шаралары күшейтіледі
«Пошта саласының қолданыстағы заңнамалық базасы ақпараттық қоғамның дамуына қарай жаңғыртуды қажет етеді. Мәселен, «Пошта туралы» ҚР Заңы 2003 жылы күшіне енген болатын және сол уақыттан бері 12 жыл өтті. Осы уақыт аралығында пошта байланысы қызметтерін көрсетудің технологиясында өзгерістер пайда болды, халық тарапынан электрондық коммерция, электрондық қызметтер және т.б. сияқты кейбір пошталық қызметтерге сұраныстары артуда. Бұдан басқа, пошта саласындағы қолданыстағы заңнамада кейбір кемшіліктер бар», - деді С.Сәрсенов.
Оның айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты қолданыстағы заңнамадағы кемшіліктерді жою, пошта операторларының әрекетін заманауи талаптарға және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін құқықтық негізбен қамтамасыз ету, пошта байланысы қызметін көрсетудің сапасын арттыру және оның тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан бөлек, пошта саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтіледі.
«Ауылдық елді мекендерде ақша қаражаттарын ұрлау және жымқыруды болдырмау бойынша шаралар қабылданатын болады», - деді вице-министр.
Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстанда пошта қызметтерінің желісі дамудың жаңа сапалы деңгейіне өту сатысында болып табылады. Ал былтырғы жылдың қорытындысы бойынша пошта операторларының 2014 жылда көрсетілген қызметтерден түскен жалпы табыс жазбаша хат-хабардан 10,7 млрд. теңге, сәлем-сауқаттардан 12,5 млрд. теңге, қаржылық қызметтерінен 13,2 млрд. теңгені құраған. Мамандар жыл сайын жазбаша хат-хабар көлемінің азаюын алға тартады.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары