• Басты
  • Қызылорда облысында 500 басқа арналған мал бордақылау кешені ашылды
23 Желтоқсан, 2015 10:13

Қызылорда облысында 500 басқа арналған мал бордақылау кешені ашылды

Қызылорда облысы келер жылдан бастап ет экспортына басымдық бермек. Бұл бағытта қазір облыста мал бордақылау алаңдарын салу жұмыстары қызу жүруде. Ет экспортына бағытталған жобалардың бірі 500 бас ірі қараны бордақылау кешені ашылды, деп хабарлады Қызылорда облысының әкімдігі.
Қызылорда облысында 500 басқа арналған мал бордақылау кешені ашылды

Айта кетейік, 21 гектар жерді жалып жатқан бұл кешенде бір мезгілде 500 бас ірі қараның күйін келтіруге болады. Инвестициялық жобаның жалпы құны 335 миллион теңге. Оның 70 пайызын «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы қаржыландырса, қалғаны жергілікті кәсіпкер Мінажаддин Өтеевтің үлесінде.  

Шаруашылық басшысы Мінажаддин Өтеевтің айтуынша, көктем айларынан бастап осы жерге консерві зауытын қою жоспарлануда. «Яғни, әрі қарай еттің кластерін жасау үшін. Қазір дайындық жұмыстарын бастап кеттік», - деді ол.

Ферма жанында заманауи үлгідегі мал сою бекеті де бар. Мұнда өндірілетін ет нарықтағыдан арзан болады. Өйткені, шаруашылық мал азығына керек дақылдарды өздері егіп, өздері дайындайды. 

Қазір облыста 2200 басқа арналған осындай 18  мал бордақылау алаңы бар. Жаңақорған ауданында 7 мың тонна қой етін өңдейтін комбинат саланытын болады.  50 мың бас бордақылайтын Жаңақорған және Қармақшы ауданыдарында алаңдар салынатын болады. Олар Қытай, Иран мемлекеттеріне өнім экспорттауға үлкен мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Сырдария ауданында 3 мың басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы қарқынды жүруде. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды