- Басты
- ҚДБ қазақстандық трансформатор зауытының экспорттық операцияларын қаржыландырды
ҚДБ қазақстандық трансформатор зауытының экспорттық операцияларын қаржыландырды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ға (бұдан әрі – КТЗ) 3 жылға дейінгі мерзімге өнімдерді экспорттық жеткізуге бағытталған қарыз берді. 1,5 млрд теңге көлеміндегі мәміле өңдеу өнеркәсібі саласындағы тауарлардың қазақстандық экспортын қолдау мақсатында «Нұрлы Жол» Бағдарламасы аясында қаржыландырылады. Қаржыландыру шарттары ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 23 сәуіріндегі №271 қаулысымен бекітілді.
Зауытта өндірілетін трансформаторлық жабдықтың 30%-ға жуығы Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріне экспортқа жіберіледі. Осы күнге дейін КТЗ Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кәсіпорындарымен 7 экспорттық контракт бекітті. ҚДБ тарапынан берілген жеңілдікті қарыз қаражаты экспорттық өнімді шығаруға қажетті шикізат пен құрамдас өнімдерді сатып алуға жұмсалады.
«Жобаны жүзеге асыру нәтижелері бойынша біз өнімнің өзіндік құнын 5-10%-ға төмендетуге қол жеткізуді жоспарлаймыз. Осы ретте жоғары технологиялы итальяндық және неміс жабдықтарын пайдаланудың арқасында шығарылатын өнімнің сапасы жақсарады. 2011-2014 жылдар аралығында КТЗ өнімдері экспортының көлемі шамамен 10%-ға артты. 2015-2018 жылдар аралығында біз экспорттық сатылымдарды жалпы түсім көлемінен 30%-ға ұлғайтуды жоспарлаймыз. Мемлекет пен «Бәйтерек» Холдингі тарапынан көрсетіліп жатқан қаржылық көмек арзан қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігін береді, ол өз кезегінде өткізу нарықтарын кеңейтуге және Қазақстанда электр машина жасау саласын дамытудың басым мәселелерін шешуге себептеседі», - деп баяндады «Кентау трансформатор зауыты» АҚ бас директоры Серғазы Күнтуаров.
Алдында Банктің еншілес компаниясы «ҚДБ-Лизинг» АҚ қаржылық қолдауымен жабдықты өндіру көлемін жылына 11 000 бірліктен 14 000 бірлікке дейін арттыруды көздейтін КТЗ-ны жетілдіру және өндіріс қуатын арттыру жобасы жүзеге асырылған болатын.
Қазіргі таңда кәсіпорын Қазақстанда трансмформаторлық жабдықтардың алуан түрлі модельдері мен жиынтықты трансформаторлық аралық станциялардың жалғыз өндірушісі болып табылады. Зауыт өндіретін өнімдер тізімдемесі 50-ден астам атаудан тұрады.
-
"Теңізшевройл" компаниясы мен ЕҚДБ бірлесіп 33 жобаны жүзеге асырды
"Теңізшевройл" компаниясы мен Еуропалық қайта құру банкі бірлесіп 26 жылда 33 жобаны жүзеге асырды. Бұл туралы елордада өткен Қазақстанның мұнайгаз саласындағы отандық үлесін арттырудың өзекті мәселелері қаралған "Жергілікті үлесті істе дамыту" атты бизнес-тәжірибеге қатысқан "Теңізшевройл" ЖШС үкімет және қоғаммен байланыс бойынша бас менеджері Рзабек Артығалиев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 14:18
-
Astana Hub-та Корей-Қазақстандық IT-орталығы ашылады
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында «Зерде» Холдингі» АҚ және Корея Республикасының Ұлттық ақпараттық қоғам агенттігі (NIA) Ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық орталығын құру және жұмыс істеу үшін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
25 Қараша 2019, 18:09
-
СІМ өкілі Гонконгта ұсталған қазақстандық студентке қатысты пікір білдірді
18 қарашада Гоконгтағы наразылық кезінде Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр жергілікті полициямен ұсталған еді. Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров журналистерге берген сұхбатында қазақстандық студенттің жағдайы тұрақты екендігін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
25 Қараша 2019, 17:12
-
Ақтөбе облысы халықаралық форумда экспорттық әлеуетін көрсетті
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Орынбор қаласында басталған «Орынбор – Евразия жүрегі» халықаралық форумына қатысуда.
21 Қараша 2019, 17:20
-
Мәскеуде қазақстандық Ауған соғысы ардагерлері марапатталды
20 қарашада Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің мұрағатынан алынған және Ресей Федерациясының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік наградалар бөлімі елшілікке тапсырған Ауғанстандағы соғыс ардагерлеріне "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік қызметі үшін" марапаттарын тапсыру салатанаты өтті.
21 Қараша 2019, 09:38
-
Шанхайда қазақстандық өнімдер таныстырылды
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қытайға сапары барысында Шанхайда өткен 2-ші Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
05 Қараша 2019, 10:27
-
Қазақстанда жасалған экспорттық тікұшақ Тәжікстанға тапсырылды
Қазақстанда жасалған экспорттық тікұшақты Тәжікстанға тапсыру салтанаты өтті. Бұл борт Тәжікстандағы Airbus Helicopters алғашқы тікұшағы болып табылады. Тікұшақты «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС (50%) мен Airbus Helicopters компаниясы (50%) бірлесіп жинады.
29 Қазан 2019, 09:07
-
Қазақстандық қоғамның әлеуметтік құндылықтары қандай
«Құндылықтар: бізді не жақындастырады және не алшақ етеді?» тақырыбындағы ғылыми конференция барысында 2018 жылы Фридрих Эберт қоры жүргізген «Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары» зерттеу жұмысының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
07 Қазан 2019, 11:01
-
ҚДБ мен «Bagalau Qazaqstan» өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты
«Қазақстанның Даму банкі» АҚ және «Bagalau Qazaqstan» Қазақстан бағалаушыларының орталық бірлестігі» ӨҰ бірден бірнеше түйінді бағыттар бойынша ынтымақтасу ниетінде. Бірінші кезекте – тиісті қызмет салаларында тәжірибемен және біліммен алмасу, сондай-ақ ақпараттық, әдістемелік және сараптау-техникалық өзара көмек көрсету, деп хабарлады Strtategy2050.kz.
27 Қыркүйек 2019, 17:15
-
Жолдау қазақстандықтардың мүдделеріне сай келеді - Фолькер Шмид
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы халқына Жолдауы туралы Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі Құрметті Консулы Фолькер Шмид өз пікірін білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
24 Қыркүйек 2019, 13:39
-
Қазақстандық аффинаж зауыты «GOOD DELIVERY» сертификатын алды
«Тау-Кен Алтын» өз өнімдерінің жоғары сапалы екендігін растады және әлемге сенімді әріптес ретінде танылды. Кемінде 99,99% таза алтын өндіретін аффинаж зауыты Лондондық бағалы металлдар нарығы қауымдастығының (The London Bullion Market Association, LBMA) «Good Delivery» сертификатын алды, деп хабарлады Strategy2050.kz.
23 Қыркүйек 2019, 11:53
-
МӘМС: Қазақстандықтар тіркелетін емханасын өзі таңдай алады
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес сақтандыру қоры ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес 2019 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаларда тіркелу науқаны басталатындығын мәлімдеді.
18 Қыркүйек 2019, 17:40
-
Салықтық рақымшылыққа 1,4 миллион қазақстандық ілікті
Салықтық рақымшылық бойынша қазақстандық жеке тұлғалар 3,5 миллиард салық қарызын төледі. Рақымшылыққа қатысқан салық төлеушілердің жалпы санынан шамамен 30%-ы өткен аптада төлеген. Осы 2019 жылғы 13-14 тамызда барлық аумақтық бөлімшелер айыппұлдарды есептен шығару туралы комиссия құру туралы бұйрық шығарған болатын.
17 Қыркүйек 2019, 18:30
-
Қазақстандықтар ҚазАгро-ға көбінесе қай саланы қаржыландыруға жүгінеді
Ауыл шаруашылығының негізгі драйвері - ҚазАгро холдингі арқылы қаржыландырылған жоғары технологиялық жобалар болып табылады,деп хабарлайды Strategy2050.kz.
16 Қыркүйек 2019, 09:50
-
Елшілік қазақстандық оқушыларға қытай тіліндегі оқулықтарды табыстады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың 1 желтоқсанында Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының қытай тілін үйренуінің маңызы зор екенін атап өткен болатын. Осы бастаманы қолдау және екіжақты достық қатынасты және мектептермен ынтымақтасты нығайту, сонымен қатар қазақстандық оқушылардың қытай тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен қытай тілінің оқулықтарын сыйлады.
04 Қыркүйек 2019, 15:21
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды