- Басты
- Жаңалықтар
- ШМӨЗ мұнай өңдеудің жаңа өнімі - күкірт шығара бастады
ШМӨЗ мұнай өңдеудің жаңа өнімі - күкірт шығара бастады
Қондырғыны ендіру барысында техникалық күкірттің алғашқы партиясы алынды. Жоба «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-ін (Шымкент МӨЗ) модернизациялау және реконструкциялау бағдарламасы шеңберінде іске асырылды.
Лабораториялық анализдеу және кешенді сынамалау жолымен алынған қорытындылар күкірттің тазалығын, нормативтік талаптарға сәйкестігін дәлелдеді. Осыған орай, ОҚО зауыты жаңа тауар өнімін шығаруға толықтай әзір.
Қондырғыны іске қосарда технологиялық жағынан табиғатты қорғау бағдарламасы бойынша қойылған барлық экологиялық талаптар мен тәртіптер сақталды. Жаңа өндірістің бастамасы «ҚМГ-өңдеу-маркетинг» АҚ компаниялар тобының, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «China Petroleum Engineering» (КНР) жетекші мердігер компаниясы, «Атырау МӨЗ» бен «ПМХЗ» әріптестері мен қызметкерлерінің үйлесімді жұмыстарының нәтижесінде туындады.
Зауытқа қондырғыны ендіру 27 жұмыс орнымен қамтамасыз етті.
Күкірт өндіру қондырғысын іске қосу жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясы Актісіне Мемлекеттік қабылдау комиссиясының төрағасы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов және Мемлекеттік қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары «ChinaPetroleumEngineering» компаниясының Қазақстан Республикасындағы жобалар бойынша директоры Канг Дзы қол қойды.
Күкірт - кең қолданыстағы әрі үнемі сұраныстағы өнім. Тұзды, этанды, ортофосфорлы, азотты және басқа да қышқылдарды өндіруге қолданылады, сонымен қатар, азотты, фосфорлы тыңайтқыштар, пластмасса, қағаз, құрылыс материалдары, маталар, лактар мен бояулар және жуу заттарын шығаруға қолданылады. Күкірт мұнай, мұнай өнімдерін және кокс-химиялық өндіріс өнімдерін (тотуол мен бензол) зиянды қоспалардан тазарту процесінде және де металлдың бетін сырлау алдында тазарту үшін қолданылады. Күкірт қышқылы ерітіндісін қышқылды аккумуляторға электролит ретінде қолданады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру