- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында МЖӘ есебінен жаңа балабақша ашылды
Алматы облысында МЖӘ есебінен жаңа балабақша ашылды
Балабақшаның екі қабатты ғимаратының жалпы алаңы 600 шаршы метрді құрайды. Мұнда жатын бөлме, ойын бөлмелері, мәжіліс және спорт залдары, денсаулық бөлмесі, заманауи құралдармен жабдықталған асхана бар. Ғимарат әзірге жеке жылытылады, дегенмен 2016 жылдан бастап орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу жоспарланып отыр.
Балабақша аумағын абаттандыруға да көп көңіл бөлінген. Ойын алаңдары, өрнекті қоршау, әдемі жарық шамдары, бейнебақылау камералары, тротуар плиталары, жасыл желек, 20-дан астам шырша аулаға ерекше ажар беріп тұр.
Ашылу салатантында «Нүсіпов және К» ЖШС басшысы Қанатхан Нүсіпов хабарлағандай, екі қабатты, кірпіштен қаланған балабақша өз жеке қаражатына тұрғызылған, яғни 70 млн. теңге инвестиция тартылған. Балабақшада балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ерекше мән берілген. Мұндағы тәрбиешілер балаларды ерекше бағдарламамен оқытады, мемлекеттің үш тұғырлы тіл саясатына байланысты қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тереңдете үйретуде.
Айта кетерлік жайт, жаңа балабақша Алакөл ауданында соңғы үш аптада ашылған екінші және жұмыс істеп тұрған 15-ші балабақша. Аталмыш ауданда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 90 процентке жеткен. Жаңа балабақшаның ашылуына байланысты 30 жаңа жұмыс орны құрылды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі