• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Мәсімов пен Ф.Могерини түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады

К.Мәсімов пен Ф.Могерини түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады

21 Желтоқсан, 2015 20:49
Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ЕО-тың сыртқы істері және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могеринимен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

К.Мәсімов пен Ф.Могерини түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, инвестиция, қаржы және инновация салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары қаралды. 

Естеріңізге сала кетейік, келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен ЕО Жоғарғы өкілі Федерика Могерини Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды. 

Ф.Могерини атап өткнедей, Қазақстан ЕО-пен екінші буын Келісіміне қол қойған Орталық Азиядағы алғашқы ел. 

«Біздің саяси және экономикалық байланыстарымыз өте мықты. Оған ЕО-тың Қазақстандағы ең ірі инвестор болып табылатындығы дәлел. Бірақ, мен аталған Келісім біздің экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңітуге және тереңдетуге айтарлықтай серпін беретініне сенімдімін», - деп түйіндеді Ф.Могерини.

Барлық жаңалықтар