• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мұхамедиұлы: Қазақстанның музейлері ғылыми мекемелер мен оқу орындары арасындағы тірек орталығына айналуы тиіс

А.Мұхамедиұлы: Қазақстанның музейлері ғылыми мекемелер мен оқу орындары арасындағы тірек орталығына айналуы тиіс

21 Желтоқсан, 2015 20:56
Қазақстанның музейлері ғылыми мекемелердің, университеттердің, мұрағаттардың, кітапханалардың өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығының тірек орталығына айналуы тиіс, деп ағынан жарылды ді ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы ҚР Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын талқылауға арналған ведомствоның кеңейтілген алқа жиынында.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің келе жатқан жаңа жылдағы қызметінің перспективалары туралы сөзінде Арыстанбек Мұхамедиұлы отандық музейлер жұмысын жаңғырту қажеттігіне баса тоқталып өтті. Музей қызметінің басты бағыты ғылыми зерттеу саласында жүргізілуі тиіс.  Ол тарих, археология, реставрация, өнертану, мәдени-білімдік іс-шаралар, кәдесый индустриясы, сервис және т.б. бағыттар бойынша қалыптасатын болады. 

«Саланың туристік әлеуетін дамыту мақсатында «Есік», «Ежелгі Тараз», «Берел» қорық-музейлерінің аумағында интернет-дәмханасы, оқу және көрме залдары, кәдесый павильондары бар Визит-орталықтар құрылған және олар келушілер арасында үлкен табысқа ие», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол халықаралық ынтымақтастықты жандандыру аясында Министрлік шетелдік ғалымдармен тығыз әрі үздіксіз байланыс жасап жатқандығын да айтып кетті. Оның пайымдауынша, Берел қорғаны, «Тамғалы» археологиялық ландшафтың петроглифтері және тағы да басқа Қазақстанның бірқатар белгілі археологиялық ескерткіштерін сақтау және зерттеу бойынша бірлескен жобаларға қатысуға норвегиялық және неміс ғалымдары қызығушылық танытуда.

«Бұндай халықаралық ынтымақтастық Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жобаларына шетелдік инвестициялар тартуға мүмкіндік береді»,  - деген пікірде А. Мұхамедиұлы. 

Барлық жаңалықтар