- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда алғаш рет армия ойындарының екі сайысы өтеді
Қазақстанда алғаш рет армия ойындарының екі сайысы өтеді
« Бұл шешім Мәскеуде өткен Армия халықаралық ойындары – 2016 өткізу жөнінде алғашқы жоспарлаушы конференция барысында айтылды», - делінген хабарламада.
Конференцияға 47 мемлекеттің өкілі, оның ішінде ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әмір Халиковтің басшылық етуімен Қазақстан Қарулы Күштерінің делегациясы қатысты.
Армия халықаралық ойындары – 2016 бағдарламасына далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша 23 байқау кіреді деп жоспарлануда. Жарыс 21 әскери полигонда, оның ішінде екі қазақстандық полигонда өрістетіледі. Алдағы ойындарға алдын ала қатысуды 16 ел растап та қойды.
Биылғы жылы «АрМИ-2015» тұңғыш армия халықаралық ойындары өткенін естеріңізге сала кетейік. Қазақстанның Қарулы Күштері үш байқауға, яғни, әскери теңізшілер мен теңіз жаяу әскерлері «Каспий теңізіне», әскери ұшқыштар «Авиадартсқа», танкішілер «Танк биатлонына» қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері «Авиадартс» пен «Каспий теңізінде» екінші орынды, «Танк биатлонында» төртінші орынды иеленді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады