• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта бағалы металдар мен асыл тастардың айналысын реттейтін заң жобалары қаралды

Сенатта бағалы металдар мен асыл тастардың айналысын реттейтін заң жобалары қаралды

21 Желтоқсан, 2015 19:52
ҚР Парламент іСенатының Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 Құжат бағалы металдар мен асыл тастар өндірісі мен айналымы саласындағы қатынастарды реттеудің бірыңғай заңнамалық негізін қалыптастырады.

«Заң жобасы бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізатты, зергерлік және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған басқа бұйымдардың айналымы саласындағы Үкіметтің, уәкілетті органның, Ұлттық банкінің құзыретін айқындайды», - делінген хабарламада.  

Ережелерді қабылдау отандық зергерлік өнеркәсіпті қолдауға және Қазақстан аумағындағы құрамында алтыны бар шикізатты мейлінше өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Отандық өндірістің бәрі шикізатты өңдеуден бас тартса немесе уәкілетті орган осындай бас тартудың барлығы туралы нақтыласа ғана құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын шетелдерге өңдеуге шығару мүмкін болады. Отандық шикізаттан Қазақстан аумағында ғана емес, шетелде де өндірілген аффинирленген алтынды алуда Ұлттық банкі басымдық құқығына ие болады. Зергерлік және басқа да бұйымдарды міндетті түрде сынамалау және таңбалау туралы ереже енгізілді, зергерлік және басқа да бұйымдарды сату реттелді.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасы «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заң жобасының ережелерін құқықтық тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталған бес заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

 Атап айтқанда, Салық кодексіне инвестициялық алтынға жасалған мәмілені қосымша құн салығынан босатуға байланысты өзгеріс енгізіледі. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бағалы металдар мен асыл тастарды әкелу және әкету, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды сату саласындағы құқық бұзушылықтардың жаңа құрамымен толықтырылды. Сонымен қатар Кәсіпкерлік кодексінің, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңдардың жекелеген ережелері өзгертілді.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

Барлық жаңалықтар