Қазақстан мен ЕО арасындағы жаңа келісім 29 саланы қамтиды

21 Желтоқсан, 2015 18:57
Қазақстан мен Еуропалық одақтың жаңа келісімі 29 саланы қамтиды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Үкімет үйіндегі Қазақстан мен Еуропалық одақ және оған мүше мемлекеттердің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімінде.

«Біздер үшін бұл айрықша оқиға. Ол үш жылға созылған зор еңбектің нәтижесі десек те болады. Еуропалық одақ пен Қазақстанның келіссөз командалары кешенді жүмыстар жүргізді. Бұл келісім екінші буын саналады. Сондықтан да Қазақстан мен Еуропалық одақты біріктіретін ынтымақтастық салаларына жаңаша ашуға күш жұмсалды», - деді сөз басында ведомство басшысы.

Министрдің атап өтуінше, жаңа келісім өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтиды.

Бұл ретте сауда бөлімі өзінің әзірленуі жағынан барынша тартымды болып отыр. Мұнан бөлек, құқық қорғау саласындағы өзара іс-қимылға да айрықша мән берілген. 

Айта кетейік, Қазақстан мен Еуропалық одақ және оған мүше мемлекеттердің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге ҚР Сырты істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Федерике Могерини қол қойды. Шараға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов және Еуропалық одаққа мүше елдердің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшілері қатысты. 

Барлық жаңалықтар