- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ресей Президенті В.Путинмен кездесті
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ресей Президенті В.Путинмен кездесті
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ өз дамуының бірінші жылын аяқтап қалғанын, бұл кезең оңай болмағанын айтты.
«Біз дағдарыстың болатынын білдік, оны еңсеру үшін қажетті шараларды қабылдадық, енді ары қарай жылжу керек. Әлбетте, елдеріміздің ішкі жалпы өнімі азайды, тауар айналымы да бәсеңдеді. Бірақ шекараның ашықтығы мен тығыз байланыстар оң ықпалын тигізіп отыр. Біз мұның бәрін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің бүгінгі отырысында талқылаймыз», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы барысында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер де талқыланатынына назар аударды.
В.Путин екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік әлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті.
« Біз кедендік және техникалық реттеу стандарттарын жақындастыру жұмыстарын жалғастырудамыз. Осының бәрі оң нәтижесін береді. Егер осы уағдаластықтарымыз болмағанда, экономикаға тиетін соққы одан да күштірек болған болар еді, мен бұған сенімдімін», – деді Ресей Президенті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы