• Басты
  • Жаңалықтар
  • В. Фосс: 2015 жылы кезектен тыс өткен президенттік сайлау қазақстандықтардың Н.Назарбаевқа шүбәсіз сенетінін көрсетті

В. Фосс: 2015 жылы кезектен тыс өткен президенттік сайлау қазақстандықтардың Н.Назарбаевқа шүбәсіз сенетінін көрсетті

21 Желтоқсан, 2015 18:13
2015 жылы кезектен тыс өткен президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаушылардың 97,7% -ы дауыс берді, бұл қазақстандықтардың жұмыс істеп жатқан Елбасына шүбәсіз сенетінін көрсетті. Бұл туралы «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фосс хабарлады.

«Кезектен тыс өткен президентік сайлауға сайлаушылар өте көп келді. Олардың басым бөлігі Н.Назарбаевқа дауыс берді. Осындай қиын-қыстау кезеңде Елбасын қолдау дегеніміз халықтыңтұрақтылықты қалайтынын, Президент пен халық бір екенін көрсетті», -  деп атап өтті ҚР ОСК төрағасының орынбасары.

Владимир Фосстың айтуынша, Қазақстанда дауыс беруге 9,5 млн адам құқылы. 2015 жылы өткен кезектен тыс сайлауға олардың 95,22% келсе, сайлаушылардың 97,7% Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берген.

Данияр Қасымов

Барлық жаңалықтар