- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» форматында сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті (ФОТО)
Астанада «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» форматында сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті (ФОТО)
Өзбекстан мен Қырғызстаннан аталған іс-шараға қатысу үшін Астанаға сыртқы істер министрлері тиісінше Абдулазиз Камилов пен Эрлан Абдылдаев келді. Тәжікстан мен Түрікменстан атынан сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары қатысты.
Пленарлық мәжіліс шеңберінде Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары өзара қызығушылық тудыратын барынша өзекті мәселелер, яғни Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты стратегиясын жаңарту, ЕО мен Орталық Азия елдері арасындағы шекараны басқару, білім беру, экономика, инвестиция, қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша өзара іс-қимылдар жөнінде пікір алмасты. Қатысушылар өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылға – терроризм мен экстремизмге, заңсыз көші-қонға, есірткі тасымалына және т.б. қарсы бірлесе отырып қарсы әрекет етуге ерекше назар аударды. Сонымен қатар халықаралық күн тәртібі мәселелері де, яғни Ауғанстандағы жағдай, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды реттеу, Украинадағы ахуал, Еуропаға мигранттардың ағылуына байланысты қауіп-қатерлер және т.б. мәселелер де талқыланды.
Кездесудің ашылауында сөйлеген сөзінде Е. Ыдырысов Орталық Азия елдері мен ЕО-ның бейбітшілігіне және тұрақтылығына төнетін қазіргі қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау ісінде бірлескен жұмысты күшейту қажеттілігіне қатысушылардың назарын аударды. ЕО мен өңір елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі күшейтудің қажеттілігі атап өтілді. Бүгінгі таңда ЕО Орталық Азия елдерінің Қытайдан кейінгі екінші ірі сауда серіктесі болып табылатынын атай отырып, ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы кездесуге қатысушыларды сауда кедергілерін жою бойынша жұмыс істеуге және Орталық Азияда бәсекеге қабілетті нарықты бірлесіп жасауға шақырды.
Индира Кауметова
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды