• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Тоқаев Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Апостолдық Нунцийді қабылдады

Қ.Тоқаев Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Апостолдық Нунцийді қабылдады

21 Желтоқсан, 2015 18:09
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Киелі Тақтың (Ватикан) Апостолдық Нунцийі Мигель Маури Буендианы оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Жоғарғы Палатаның басшысы Қазақстан мен Ватикан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін М.Буендиаға алғыс айтты және алдағы уақытта табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді. Төраға сондай-ақ 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне әзірлікке қосқан үлесіне орай Ватикан өкіліне ризашылық білдірді.

Апостолдық Нунций қазіргі замандағы беймаза оқиғалар аясында Президент Н.Назарбаевтың дінаралық үнқатысу туралы бастамасының ерекше маңызды екенін атап өтті.

Оның пікірінше, Съезд жұмысына саяси қайраткерлер мен әр түрлі діндер өкілдерінің белсенді қатысуы форумды бүкіл әлемнің игілігі үшін бірлесе қызмет етуге арналған ерекше тұғырнамаға айналдырды. «Астана рухы» деген осы. Мен оны өзіммен бірге ала кетемін» деді М.Буендиа.

Барлық жаңалықтар