• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат Салық салу мәселелері туралы Заң жобасына енгізілген өзгерістерді қарастырды

Сенат Салық салу мәселелері туралы Заң жобасына енгізілген өзгерістерді қарастырды

8 Қараша, 2013 09:30
Заң жобасы Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасын және Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің шешімдерін іске асыру мақсатында әзірленген, деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Салық жүйесінің экономикалық қайтарымдылығын арттыру үшін Заң жобасында жеке тұлғалардың мүлкі, жер, көлік құралы салықтарының мөлшерлемелерін арттыру бойынша нормалар қамтылған»,-деп мәлімдеді Ерболат Досаев ҚР Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында.

«Сондай-ақ, министр халықтың әлеуметтік зиянды тауарларды тұтыну ынтасын төмендету мақсатында темекі және алкоголь өнімдеріне акциздер мөлшерлемелерін арттыру көзделгенін хабарлады», - деп хабарламда нақтыланған.

Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің шешімдеріне сәйкес, тәжірибеде салық заңнамасын қолданумен байланысты мәселелерді реттеу бойынша нормалар көзделгені айтылды.

Көптеген мәселелер салықтық әкімшілендіруге арналған. Осы бөліктегі өзгерістер мен толықтырулар әкімшілендіруді жетілдіруге, әкімшілік кедергілерді төмендету мен бизнес ахуалды жақсартуға, салық заңнамасының жекелеген ережелерін халықаралық стандарттың қаржылық есептілігімен сәйкестендіруге бағытталғаны белгілі болды.

Жалпы заң жобасын қабылдау салық нормаларын қолдану кезінде туындайтын қазіргі проблемаларды жоюға және мемлекеттің одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді,-деп қорытындылады Ерболат Досаев.

Барлық жаңалықтар