- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ Астана қаласының жаңа жолаушылар терминалының жүзеге асырылуы туралы хабарлады
ҚТЖ Астана қаласының жаңа жолаушылар терминалының жүзеге асырылуы туралы хабарлады
«Біз «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша алғашқы жылдың қорытындысын жасақтаудамыз. Елбасы Қазақстанда аймақтық көлік-логистикалық хабын жасақтау бойныша міндетті қойды. Осы ретте көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларының операторы «ҚТЖ»АҚ болып табылады», - деді сөз басында А. Мамин.
Сонымен, «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» аясында ЭКСПО-2017 қарсаңында елорда да теміржол торабының дамуына әсер ететін сәйкесінше жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде сапаржай кешенін салу және Астана қаласы әуежайының ұшып-қону жолағын қайта қалпына келтіру бар.
«Бұл жобаның мақсаты әуежайдың өткізу қуаттылығын артыру болып табылады. Сонымен өткізу қуаттылығы жылына 3-тен 7,6 млн жолаушыға дейін арттырылады. Ағымдағы жылдың өзінде өткізу қуаттылығы 3,5 млн дейін жолаушыға жетеді деген ой бар», - деп хабарлады ұлттық компанияның басшысы.
А.Мамин атап өткендей, бүгінде Астанада жаңа жолаушылар терминалы нысанының іргетасын қалау жұмыстары жүзеге асырылды, яғни сыртқы инженерлік жүйені тарту, жарықты-дабыл жүйесін орнату, өтетін жолдар мен тұрақтардың асфальтбетон жабындысын жабу жұмыстары аяқталды.
«Нысан 2017 жылы пайдаланылуға беріледі деп жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру мақсатында «Mabco Construction» ЖШС-мен келісімге қол қойылған», - деп түсіндірді А. Мамин.
Ботагөз Айтжанова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері