- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да 4 млн теңгеге жылумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша 12 жоба іске асырылуда
ШҚО-да 4 млн теңгеге жылумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша 12 жоба іске асырылуда

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асырудағы ТҮКШ инфрақұрылымын жаңғырту, сумен және жылумен қамтамасыз ету Жол картасы бойынша Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айтқазы Шерубаев ақпарат берді.
Бүгінгі таңда облыс бойынша инфрақұрылымды дамыту бағдарламасының аясында 4 030,3 млн. теңгені құрайтын жылумен қамту жүйелерін модернизациялаудың 12 жобасы іске асырылуда.
Жобаны толығымен іске асырған кезде инженерлік жүйелердің тозуын Өскемен қаласында 1,4%-ға, Семейде 2,3%-ға төмендетуге, жүйелердегі нормативтік жоғалту деңгейін 17,2%-ға жеткізу мақсатында 15 шақырым жылу жүйелерін қайта жаңғырту және 4 жылумен жабдықтау көздерін жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.
Аталмыш жобаларды жүзеге асыруда құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде 122 жұмыс орындары, соның ішінде Өскемен қаласы бойынша 17, Семей бойынша 105 жұмыс орны ашылады.
Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрлан Мусин автомобиль кластерін дамыту мақсатында шебер-жоспар дайындау бойынша атқарылған шаралар жөнінде ақпараттандырды. ШҚО әкімдігінің тапсырмасына сәйкес автомобиль кластерін дамыту үшін «PricewaterhouseCoopers» (PwC) халықаралық ірі консалтинг компаниясы халықаралық талаптарға сәйкес шебер-жоспар дайындады.
Облыс әкімі өзінің төрағалығымен «Pricewaterhouse Coopers» компаниясының өкілдерінің шақырылуымен атқарылған шаралар бойынша есеп беруді тапсырды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері
-
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді

