ҚР Президенті Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллмен кездесті

21 Желтоқсан, 2015 14:17
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Патриарх Кирилл Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі Сергий Радонежский орденімен марапаттады.

Қазақстан Президенті  Орыс православиелік шіркеуіне конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған елдің саясатына жоғары баға бергені үшін алғыс білдірді.

«Барлық  Тәуелсіздік жылдары біз үнемі қатынас теңдігін, барлық діни конфессияларға сыйластықты қолдадық. Әрине, Қазақстанда негізгі дін ислам мен православие болып табылады. Бұл рухани әлемнің екі діңгегін - қоғамымыздағы келісімнің негізі десе болады. Қазір әлемде діни және этникалық негізде түрлі қақтығыстар жүріп жатқанын жақсы білеміз. Сондықтан арамыздағы тұрақтылық пен түсіністікті мақтан етуіміз қажет. Сондай-ақ Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі өтеді», - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Орыс православиелік шіркеуі  Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қатынастарды дамытуға үлес қосқанын атап өтті.

Өз кезегінде, Патриарх Кирилл республикамыздың бірегей тәжірибесі басқа елдерге, әсіресе ғаламшардың әр нүктесінде   қақтығыс орын алған елдерге үлгі болуы тиіс екенін баса айтты.

«Сіз - әлем таныған, көрнекті мемлекет қайраткерісіз. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан қысқа мерзімде қуатты даму жолына түсті. Көпэтникалық мемлекет ретінде Қазақстан - түрлі этнос пен дін төкілдері бейбіт қарым-қатынас орнату жағынан әлемге  үлгі десе болады», - деді  Мәскеу  және бүкіл Русь Патриархы Кирилл.

Барлық жаңалықтар