- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік кірістер комитеті мен Назарбаев Университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
Мемлекеттік кірістер комитеті мен Назарбаев Университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
Ғылым мен мемлекеттік аппараттың арасында ынтымақтастықты белгілеу – елдің прогрессивті дамуының негізгі шарттарының бірі. Мемлекеттік кірістер комитеті өз қызметінде ғылыми негізделген әдістерді пайдалану қажеттлігін түсінеді және қолдайды.
Осы Меморандумды жасасқаннан кейін біздің Тараптарымыздың арасында ынтымақтастықты дамыту мынадай салаларда жүзеге асыруды көздейді: салық және кеден заңнамалары; салық және кеден бизнес-процестерін жаңғырту; деректерді зияткерлік талдау және ақпараттық жүйелерді дамыту; ғылыми-білім беру байланыстарын нығайту және бірлескен жобалардың шеңберінде екі ұйымның арасында ынтымақтастықты кеңейту; инновациялармен және білікті қызметкерлермен алмасу.
Бұдан басқа, осы Меморандумның шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитетінің алаңында «Назарбаев Университетімен» бірлескен зерттеулер жүргізу жоспарлануда.
Өз кезегінде, «Назарбаев Университетінің» ғылыми әзірлемелері Комитеттің жанында құрылатын деректер зертханасында тестілеуден өтуі мүмкін.
Ортақ мүдде ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға және бірлескен жобалардың нысанында екі ұйымның арасында ынтымақтастықты кеңейтуге, инновациялармен алмасуға және іргелі проблемалар мен қолданбалы міндеттердің кең спектірін шешу үшін бірлескен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыруға негізделген.
МКК мен Назарбаев Университеті арасындағы одан кейінгі екіжақты ынтымақтастық шеңберінде, Тараптар бірлескен зерттеулер, конференциялар, семинарлар өткізуге, білім беру бағдарламаларын ұйымдастыруға, тұрақты негізде тәжірибемен және біліммен алмасуға ниетті.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері