- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК офицерлерінің 30,3% аттестаттау қорытындысына сәйкес жоғары әскери лауазымдарға ілгерілетілді – ҚР ҚМ
ҚР ҚК офицерлерінің 30,3% аттестаттау қорытындысына сәйкес жоғары әскери лауазымдарға ілгерілетілді – ҚР ҚМ
Бұл ретте шамамен офицерлердің 1,9% төмен лауазымдарға ауыстырылады, ал тағы 0,7 % запасқа босатылады.
ҚР ҚМ Кадрлар департаментінде түсіндіргендей ағымдағы аттестаттау 2012 жылы өткізілген аттестаттаумен салыстырғанда ерекшеленеді. Біріншіден, 2015 жылы аттестаттау кіші кезеңдерге бөлінді. Екіншіден, санаттар бойынша қараудың нақты мерзімдері белгіленді.
Қазақстандық армияда офицерлер корпусының аттестатталуы әр үш жыл сайын өткізіледі. Бұл өзіндік қайта емтихан тапсыру, оның мақсаты кадрлық саясаттың осал тұстарын айқындау, әр офицердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін, әлеуетін, оның атқарып отырған әскери лауазымға сай келуін анықтау болып табылады. Жаңа анағұрлым күрделі кәсіби тапсырмаларға әзір дарынды офицерлер үшін аттестаттау мансаптық саты бойынша ілгерілеу мүмкіндігі.
Қайта емтихан тапсыру кіші офицерлер құрамынан жоғары құрамға дейін армияның барлық офицерлер корпусын қамтиды. Әскери оқу орындарының тыңдаушылары, аттестаттау өткізілген жылы оқуды тәмамдаған түлектер, аттестаттау жылында қызметке орналасқан, әскери қызметте болуда шекті жасқа жеткен және жарамсыз немесе шектеулі жарамды болып танылған офицерлер, сондай-ақ аттестаттау жылында «лейтенант» алғашқы офицерлік әскери атақ берілген офицерлер, жүктілік, бала күту демалысы немесе аттестаттау кезінде осы демалыстан кейін қызметке кіріскен оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған офицерлер аттестаттауға тартылмайды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр