• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жекешелендірудің басты мақсаты мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту – Б.Сұлтанов

Жекешелендірудің басты мақсаты мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту – Б.Сұлтанов

21 Желтоқсан, 2015 13:54
Жекешелендірудің басты мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту, деп ағынан жарылды ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

ҚР Қаржы министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Үкімет жекешелендіруге шығарылатын мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор нысандарының тізімін жасады, оған республикалық меншіктегі 65 ірі компания мен ұлттық холдинг кіріп отыр. Бұл нысандардың баланстық құны кемінде 5 млрд теңге болмақ.

«22 желтоқсанда жекешелендіруге шығарылатын нысандардың тізімі бекітіледі. Жаңа ережелер бойынша нарық белгілейтін баға бойынша сатамыз. Ол үшін халықаралық кеңесшілер тартылады. Жаңа заңнама бойынша бұл процесті толық ашық етеміз. Біздің веб-портал жұмыс істеп жатыр. Осы порталда барлық ақпарат жарияланады», - деді бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, басты мақсат – мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту.

«Әрине, жекешелендірілетін нысандардың сатылу бағасы маңызды, бірақ, бүгінде біз жекешелендіру есебінен бюджетті толықтыруды ең басты міндет ретінде айқындап отырған жоқпыз. Әрбір нысан бойынша барлық мәселе, оның ішінде әлеуметтік, еңбек қатынасы тұрғысынан да бүкіл түйткілдер жан-жақты қарастырылады», - деді Б.Сұлтанов.

Барлық жаңалықтар