- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері талқыланды
Астанада құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері талқыланды
Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Бас Прокурор күш құрылымдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сыбайлас жемқорлық қылмысының әрбір фактісі барлық құқық қорғау жүйесінің беделіне теріс әсерін тигізеді, оларға халықтың сенімін төмендетеді, - деді ол. Сондықтан әрбір ведомство осы бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет және өз қатарларын құқық қорғау жүйесінің абыройына дақ салған қызметкерлерден тазарту бойынша түпкілікті және қатал шараларды қабылдаулары тиіс.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын тәуекелдерді азайтуға бағытталған жаңа мүмкіндіктердің тиімділігін атап өтті. Олар - құқық қорғау қызметіне орналасудағы полигрофологиялық зерттеуді пайдалану, автоматты түрде адамның қатысуынсыз ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тізілімін кеңейту, жеке құрам арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жұмыстың жай-күйіне басшылардың дербес жауапкершілігін күшейту және т.б.
Талқылау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту және тосқауыл қою бойынша жұмысты жүйелі жүргізуге, мұндай қылмыстарды жасаған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жазасыз қалмайтындығын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа заңнамалық және ұйымдастырушылық шаралар ұсынылды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар