• Басты
  • Жаңалықтар
  • Неміс сарапшылары Қазақстанның халықаралық беделі артқанын атап өтті – ҚР СІМ

Неміс сарапшылары Қазақстанның халықаралық беделі артқанын атап өтті – ҚР СІМ

21 Желтоқсан, 2015 11:41
Қазақстанның Германиядағы Елшілігі Берлинде неміс тілшілері, саясаттанушылар мен халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар үшін 2015 жылдың қорытындылары бойынша брифинг ұйымдастырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Өз сөзінде ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіпов кетіп бара жатқан жылдың ҚР Президентін сайлау, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V Съезі және т.б. сияқты маңызды ішкісаяси оқиғалардың маңызы мен ерекшелегін атап өтті. Елді дамытудың стратегиялық құжаттары: Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: реформалар, өсім, даму» Жолдауы, «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалы саясаты және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына ерекше көңіл бөлінген.

Қазақстандық дипломат сондай-ақ қатысушыларды Мемлекет басшысының Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерейтойлық сессиясы кезінде атаған Қазақстанның 2015 жылдағы маңызды сыртқы саяси бастамаларымен таныстырды. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық, Қазақстанның 2017-20188 жж. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болуға өтінімі және ҚР-да МАГАТЭ Төмен байытылған уран банкінің ашылуы туралы ақпарат жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Неміс сарапшылары өз түсініктемелерінде Қазақстанның халықаралық беделінің өскенін және біздің еліміздің адамзаттың жаһандық мәселелерін шешу бойынша сыртқысаяси бастамаларының маңыздылығын атап өтті.

Шараның қорытындылары бойынша пікіралмасулар болып, соның барысында қазақстандық дипломат қазақстандық-германиялық қатынастарды дамыту жағдайы мен болашағы туралы аудиторияны қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Барлық жаңалықтар