- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 447 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды – ҚР Қаржы министрлігі
Қазақстанда 447 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды – ҚР Қаржы министрлігі
ҚР Қаржы министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгінгі күні 447 млрд теңге заңдастырылды, оның ішінде Қазақстан аумағындағы мүлік бойынша 362,1 млрд теңге, ел аумағынан тыс жердегі мүлік бойынша 1 млрд теңге, ал жария етілген ақша сомасы 83,9 млрд теңгені құрап отыр. Бұл акцияның қарқынын жақсарту үшін заңнамаға түзетулер енгізілді. Бұл өзгерістер жария ету процесін айтарлықтай жеңілдетіп, заңдастыру субъектілеріне қосымша кепілдіктер ұсынуға мүмкіндік береді.
Ақшаны заңдастыру рәсімі түбегейлі жеңілдетіліп отыр. Ендігі уақытта ақшаны екі жолмен жария етуге болады. Біріншісі, ақшаны банктегі есепшот арқылы көрсетіп, оны 10 пайыздық алым төлемей пайдалану мүмкіндігі беріледі. Екіншісі, шетелдегі немесе қолма- қол айналымдағы ақшаны банктегі есепшот арқылы көрсетпей, жария етуге болады. Бірақ, бұл ретте бюджетке 10 пайыздық алым төленеді.
Мүлікті жария ету рәсімдері де айтарлықтай жеңілдетілген. Енді Қазақстан аумағында орналасқан және тиісінше ресімделген мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларация мен ілеспе құжаттарды тапсыру жеткілікті. Шетелде орналасқан мүлікті жария ету тәртібі де осындай. Яғни, артық буын – мемлекеттік кірістер органдары жанындағы комиссиялар таратылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды