• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сұлтанов: Әлемдік экономиканың транформациясы Қазақстан экономикасы өсіміне әсер етпеуі керек

Б.Сұлтанов: Әлемдік экономиканың транформациясы Қазақстан экономикасы өсіміне әсер етпеуі керек

21 Желтоқсан, 2015 11:16
Отандық экономикаға әсер ететін сыртқы факторларға қарамастан Қазақстан өсім жылдамдығын тоқтатпауы керек, деп хабарлады ҚР Қаржы министрі Бахыт Сұлтанов Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» жүзеге асыру аясындағы жаңа заңдармен өзгерістерді түсіндіруге арналған семинарда.

«Біздің экономикамызға бірқатар сыртқы факторлар әсер ететіні жасырын емес. Алайда бүгінгі экономикалық жағдайда біз өсім жылдамдығын тоқтатпауымыз керек. Заманауи жағдайда еліміздің негізгі даму стратегиясы Ұлт жоспары болуы тиіс, онда еліміздің әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену жолы қарастырылған», - деді министр.

Оның айтуынша, қаржы нарығын тұрақтандыру аясында қарғы жүйесін жаңа жаһандық жағдайға сәйкестендірген жөн: бюджеттік саясатты оңтайландыру, мемлекеттік табыс пен шығын жүйесін қайта қарап шығу, үнемдеп өмір сүруді үйрену, экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қолдау көрсету керек.  

Жаңа инвестициялық саясатқа тоқталатын болсақ, трансұлтық корпорацияларға жеке инвестицияларды тарту, экономикалық өсімнің аймақтық  драйверлерін жасақтау, сонымен қатар әлемдік және аймақтық нарықтағы экспорттық әлеуетті толығымен игеру қажет.

«Жаңа әлеуметтік саясат туралы айтатын болсақ, бірінші кезекті базалық қажеттіліктер қанағаттандырылуы тиіс. Олар сапалы білім беру, жоғары бағаланатын еңбек, азық-түлік, заңнаманы жетілдіру және қауіпсіздік», - деді Б.Сұлтанов.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар