Қазақстанда құрылыс жүргізуге рұқсат беру оңтайландырылады – ҰЭМ

21 Желтоқсан, 2015 11:09
ҚР Ұлттық экономика министрлігі құрылыс саласындағы шығыс-рұқсат құжаттарын беру жөніндегі Бірыңғай ұлттық құжатты жасақтады, нәтижесінде шығыс-рұқсат құжаттарын беру 31 күннен 15 күнге дейін қысқарады.

Бұл туралы «Strategy2050.kz» АА ҚР Ұлттық экономика министрлігінен хабарлады.

Орташа статистикалық нысан құрылысы процесінің шамамен 50-ге жуық рұқсат ету құжаттарын жинауды (рұқсаттар, хабарламалар, келісулер, қорытындылар және т.с.с.), 260-тан астам қол қойылуын талап етіп, шамамен 500 жұмыс күнін алатыны белгілі. Бұл өз кезегінде құрылыс басталуы мен аяқталу мерзіміне және ақырында құрылыс құнына әсер етеді.

Бүгінгі күні өңірлерде жергілікті атқару органдары дайындаған аумаққа құрылыс салудың түрлі ережелері әрекет етуі түйткіл болып отыр, сәйкесінше, әрі өңірде процедуралардан өту тәртібі мен мерзімдері әртүрлі.

Аталмыш Құрылыс салу ережесін даярлау кезінде бытыраңқы мемлекеттік стандарттар мен реттемелерді Ереже мазмұнына кіргізе отырып, олардың мазмұнын бірегейлендіруге көңіл бөлінді. Осылайша, «бір терезе» қағидатын қолдану арқылы барлық процедуралар үшін ортақ ережелер жасалды.

Министрліктеп алатып өткендей, құрылыс саласындағы шығыс-рұқсат құжаттарын беру жөніндегі Бірыңғай ұлттық құжат  жасақталды, нәтижесінде шығыс-рұқсат құжаттарын беру 31 күннен 15 күнге дейін қысқарады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар