- Басты
- Жаңалықтар
- Орыс географиялық қоғамында «Шоқан Уәлиханов» кітабының таныстырылымы өтті (ФОТО)
Орыс географиялық қоғамында «Шоқан Уәлиханов» кітабының таныстырылымы өтті (ФОТО)
Кітап көрнекті қазақ ғалымының 180 және Орыс географиялық қоғамының 170 жылдық мерейтойларына орай басылды.
Ж.Бейсенбайұлы ұзақ жылдардан бері қазақтың ұлы ғалымының өмірі мен шығармашылығын зерттеумен айналысып келеді. Автор Шоқан Уәлихановтың өмірін көп жылдан бері зерттеп, қазақтың ұлы ғалымының 1856 жылы жазған "Ыстықкөл сапарының күнделігі" ізімен қайталай жүріп өткен, ол ғұмыр кешкен мекендерді арнайы аралап, бұған дейін осы тақырыпқа арналған "Шоқан ізімен" (1977), "Жасын-тағдыр жарқылы" (1987) атты кітаптарымен оқырман қауымға танымал қаламгер.
Жаңа кітапта Шоқан Уәлихановтың өмірі мен сол кезеңдегі осы уақытқа дейін белгісіз болып келген фактілер беріліп, жаңа тарихи, мұрағат құжаттарымен толықтырыла түскен.
Тұсаукесер рәсімді ашқан ОГҚ директоры міндетін атқарушының орынбасары Илья Гуров Орыс геограиялық қоғамының қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастықты жан-жақты жолға қойып, көптеген жобаларды бірлесе атқарып отырғандығын баса айтты.
"Шоқан Уәлихановтың бірегей өмір жолы азаматтық ерліктің үлгісі, шым-шытырық оқиғаларға толы. Ол Орыс географиялық қоғамының мүшесі сынды жоғары атақты лайықты деңгейде ақтады. Өкінішке орай, тағдыр оның пешенесіне аз ғана ғұмыр жазды", – деді ол.
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-елшісі Виктор Темірбаев қазақ тілінде жазылған кітаптың орыс оқырмандарына да қолжетімді болуы үшін аударған аудармашыларға шынайы ризашылығын білдірді.
"Бүгінгі шараның Шоқан Уәлиханов мүшесі болған Орыс географиялық қоғамы ғимаратының қабырғасында өтуі қуантарлық жайт. Біздің ұлы отандасымыз әлемдік мәдениетке, тарихқа, географияға өлшеусіз үлесі қосты және оның талантын әлі де болса зерделей түсу қажет", – деді қазақстандық дипломат.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті -
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді