Қызылорда облысында 100 орынға есептелген жаңа мектеп пайдалануға берілді

21 Желтоқсан, 2015 10:19
Шиелі ауданына қарасты Алмалы ауылдық округінде 100 орындық мектеп ашылды, деп хабарлады әкімдік.

Ескі білім ошағы апаттық жағдайда болғандықтан, облыстық бюджеттен 365 млн. теңге бөлініп, жаңа ғимарат бой көтерді. Мектепте 45 оқушыға арналған асхана, спорт зал, кітапхана, толық жабдықталған компьютерлік сыныптар бар. Ауданға жұмыс сапармен барған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, білім ұясының ашылу салтанатына қатысты.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымдық білім ұяларының мәселесін шешу күн тәртібінен түскен емес. Облыстағы жарамсыз деп танылған 36 мектептің орнына 25 жаңа ғимарат салынды. Қалған 11 білім ошағының да проблемасы шешіледі. Қазір үш ауысымда оқитын біздің аймақта бірде – бір мектеп жоқ. Бүгін ашылған жаңа мектепте сапалы білім, саналы тәрбие алған ұрпақ өсіп шығатынына сенемін», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. 

Барлық жаңалықтар