Андраш Биро: Көне түркілерде өздерінің Жаңа жылдары болған(ФОТО)

21 Желтоқсан, 2015 10:03
Пұтқа табынушылық заманында түркілер Жаңа жылды 21 желтоқсанда, қысқы тоқырау күні атап өтетін болған. Көне мейрамды бүгінде Мажарстанда зерттеп, қалпына келтіруде. Бұл туралы «Венгрия-Туран» қорының басшысы, антрополог-ғалым «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында хабарлады.

- Әлемде Жаңа жылды атап өту түрі өте көп. Солардың бірі - Кара-чун. Бұл мейрам түркі тілдес елдерге пұтқа табынушы балаларынан мирасқа қолған деп есептелінеді. Бұл рас па? Осы мейрамның тарихына тоқталып өтсеңіз.

- Ертеде қазақтарда, венгрлерде тенгриандық болған. Венгрліктер осы күнге дейін тенгриндық Карачун мейрамын тойлайды. Бұл сөз ертедегі екі сөзден құралған "кара" - ұлы, "чун" - "алмасу". Мейрам 21 желтоқсан күніне түседі, ұлы алмасу болған кезде: біртіндеп күн ұзарып, түн қысқарады. Ең қызығы Рождество венгрше Корачонь деп аталады.

- Сіздердің елдеріңізде Кара-чун қалай аталып өтеді? Оны атап өтуге қазақстандықтар қосыла ма?

- Бұл мейрам венгрлерде өте мықты болған, кейін ресми түрде христиандық қабылданғаннан кейін бұл мейрамды атап өту бірнеше күнге шегерілді. Жасыратыны жоқ біз бұл күнді ата-бабаларымыз қалай атап өткенін дәл білмейміз. Бүгінде дәстүрді сақтап қалған топтар бұл күні жиналып үлкен от жағады және күн шыққанға дейін көз ілмейді. Бірге өлең айтып, барабанда ойнайды.  Соңғы жылдары бұл мейрамға бізде тұрып жатқан қазақтарда қосылуда, оларға ол қатты ұнайды. Менің ойымша бұл біздің елдер арасындағы байланысты нығайтуда маңызды фактор.

- Бүгінде жастар пұтқа табынушылық дәстүрге көбірек көңіл бөлуде. Сіздің ойыңызша ғалымдар олар туралы, Карачун мейрамы туралы бір ортақ ой қалыптастыруы үшін не істеу керек?

- Жалпы бұл мәселені қазақ және венгр ғалымдарының бірлесіп зертегені дұрыс болар, сонда олар өзара ұқсастықтарды анықтап, зерттеулерін  өзара маңызды мәліметтермен толықтырар еді.

- Карачун мейрамы Мажарстан мен Қазақстанда  болашақта ресми мейрам бола ала ма?  Ол үшін не істеу керек?

- Адамдардың басым бөлігі қысқы күн тоқырауы – Карачун мейрамының маңызы мен көнелігін түсіне бастауда. Менің ойымша болашақта бұл мейрамды атап өту күшейе түседі. Халық күн өткен сайын оның маңыздылығы мен мәнін түсінуде және бабалар дәстүріне дең қоюда. Бұл мейрам туралы көбірек зертеп, ол туралы мәліметтерді арттыру керек, сонда ол кең ауқымда насихатталатын болады.  Бұл венгрлердің, қазақтардың және түркі елдерінің ортақ мәдени құндылығы. Ол оны насихаттауға және қамқорлық көрсетуге тұрарлық дүние. Болашақта қазақтар мен венгрлердің арасында ортақ мейрамдар көбеюін тілеймін, олармен қатар біз бақытты жарқын болашақты құра аламыз !

- Сұхбатыңызға рахмет.

Данияр Қасымов

Барлық жаңалықтар