• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР СІМ: Қазақстан мен Куба азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапарлары туралы келісімге қол қойылды

ҚР СІМ: Қазақстан мен Куба азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапарлары туралы келісімге қол қойылды

21 Желтоқсан, 2015 09:47
Қазақстанның Кубадағы (қоса атқарушы) Елшісі Константин Жигалов пен Куба Сыртқы істер министрінің орынбасары Рохелио Сиерра Қазақстан мен Куба азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапарлары туралы үкіметаралық келісімге қол қойды, деп хабарлады ҚР СІМ.

Тараптардың ортақ пікірінше, визалық тәртіптің ырықтандырылуы екі ел адамдары арасындағы байланыстардың ұлғаюы, туристік ағымның өсуі мен екіжақты экономикалық байланыстардың күшеюіне септігін тигізеді.

Үкіметаралық келісім екіжақты қелісім-құқықтық базаның дәйекті түрде кеңеюінің маңызды қадамына айналды. Осылайша, өткен жылы білім және спорт салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды, БҰҰ аясында өзара қолдау көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Атап айтқанда, екі жақ Куба Астананың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жж. тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдайды, ал Қазақстан кубалық тараптың БҰҰ Адам құқықтары бойынша кеңесіне 2017-2019 жж. қайта сайлануы туралы өтінішіне дауыс береді. Бірнеше апта бұрын Астанада Кубаның халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы туралы Келісімге қол қойылды. 

 Гаванаға жұмыс сапары барысында К. Жигалов Куба Компартиясы Халықаралық бөлімінің меңгерушісі Хосе Балагер мен Куба Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен келіссөздер өткізді.

Тараптар қазақстандық-кубалық ынтымақтастықтың соңғы жылдары белсенді дамып келе жатқанын, соның ішінде барлық деңгейлердегі саяси диалогтың жанданғанын ерекше қанағатпен атап өтті. Мысалы, осы жылдың мамыр айында Мәскеуде, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралар аясында, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Куба Мемлекеттік кеңесінің Төрағасы Рауль Кастроның екіжақты кездесуі орын алды.

Сыртқы істер министрлері орынбасарлары деңгейіндегі тұрақты саяси консультациялар механизмі өз маңыздылығын растауда: өткен жылы Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бұл мақсатпен Гаванаға барып келді, ал осы жылы Куба Сыртқы істер министрінің орынбасары Рохелио Сиерраның Астанаға жауап сапары орын алды.   

Қол қойылған келісімдердің тәжірибе жүзінде іске асырылып жатқаны атап өтілді. Осы түпмәтінде тараптар Куба Мемлекеттік кеңесінің Ғылым бойынша кеңесшісі – Ғылым академиясының вице-президенті Фидель Кастро Диас-Баларттың (Кубалық революцияның лидері Фидель Кастроның ұлы) қазандағы Астана мен Алматыға сапарының маңыздылығын ерекше баса айтып өтті. Аталмыш іс-шара Білім саласындағы ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумды іске асыру шеңберінде орын алды.

Кубаның жетекші фармацевтикалық компаниясы «Лабиофам»-ның қазақстандық әріптестерімен іскерлік байланыстары тиімді түрде дамып келе жатыр. Оның шеңберінде үстіміздегі жылы Қазақстанда үш кубалық дәрі-дәрмек тіркелді; жақын арада тағы екі медициналық препарат тіркеуден өтеді.

Қазақстан Республикасының Елшілігі Гаванада Тәуелсіздік Күніне орай салтанатты қабылдау кешін өткізді. Оған Кубаның сыртқы істер министрлігі мен елдің басқа да министрліктер мен ведомстволар басшылығының өкілдері, Компартия Орталық комитетінің қызметкерлері, Кубада тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен тілшілер қатысты.

Барлық жаңалықтар