- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданған бір жылдан кейін ол өзін-өзі ақтағаны туралы айтуға болады – шетелдік сарапшы
«Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданған бір жылдан кейін ол өзін-өзі ақтағаны туралы айтуға болады – шетелдік сарапшы
«Бүгінде тек пост кеңестік кеңістікте ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем экономикалық қолайсыздықтарды сезінуде. Жетекші державалар арасындағы геосаяси қарама-қайшылықтар, көптеген мемлекеттердегі экономикалық өсім деңгейінің төмендеуі, пост кеңестік аймақтағы террористік әрекеттердің белсенді пайда болуы – мұның барлығы жаңа қауіптерді жасақтауда және олар уақытылы дұрыс шаралардың қолға алынғанын қажет етеді.
Оның үстіне бұл дағдарыстың болатының болжау соншалықты қиынға соқпады. Себебі 2008-2009 жылдары дағдарыстан кейін оның негізгі көзін жою бойынша шаралар қолға алынбады. Сондықтанда бүгінде Қазақстан мен Ресей және әлемнің барлық мемлекеттері бетпе-бет келген экономикалық қиындықтар жайдан жай пайда болған жоқ, ол экономикалық және геосаяси проблемалардың нәтижесі. Бұл туралы қазақстандық басшы бірнеше рет ескерткен болатын», - деп атап өтті Юлия Якушева.
Ресейлік саясаттанушының пайымынша, Қазақстан дағдарысқа қарсы дер кезінде шараларды қолға алды.
«Қазақстан дағдарысқа қарсы дер алдын ала шараларды қолға алғаны таңғаларлық жайт емес. 2014 жылы жарияланған Жолдау «Нұрлы жол» бағдарламасы мемлекеттің алдын ала жұмыс істей алатынын көрсетті. Бағдарламаның құрылымыда салмақты. Экономикалық саясатта инфрақұрылымды дамытуға басымдылық берілген, бұл ретте Қазақстан айтарлықтай табысқа қол жеткізуі мүмкін», - деп есептейді шетелдік саясаттанушы.
Саясаттанушының айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы дер кезінде қабылданған, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың көрегендігінің арқасында Қазақстан жаңа экономикалық жағдайды үлкен дайындықпен қарсы алуда.
«Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданған бір жылдан кейін ол өзін-өзі ақтағаны туралы айтуға болады.. Аталмыш бағдарлама аясында дағдарыстың соққысын жеңілдетуге мүмкіндік беретін қадамдар жасалды. Жаңа экономикалық жағдайға көшуі барысында Қазақсан басшылығы қиындықтар әлі алда екенін түсініп, соған дайындалып жүргенін аңғаруға болады», - деп түйді Юлия Якушева.
Данияр Қасымов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері