- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілдің білгірлері таңдалды (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілдің білгірлері таңдалды (ФОТО)
Байқау 4 кезеңнен тұрды. Мемлекеттік тілде таныстыру, бейнеролик бойынша сұрақтарға жауап беру. Әрі қарай қатысушылар анағұрлым күрделі тапсырманы, яғни, қазақ ақындары мен жазушыларының өлеңдерінен үзінділерді сондай-ақ халық мақал-мәтелдерін жатқа айтты.
Байқау кезеңдерінің әрқайсысында әскери қызметшілерге өздерінің шешендігі мен шеберлігін, сөздік қоры мен әдеби тілдің байлығын паш ету қажет болды.
Нәтижесінде қазақ тілін білуде 26363 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға лейтенант Александр Рудич үздік атанды. Екінші орынды Әскери-ғарыш бағдарламалары орталығының әскери қызметшісі аға лейтенант Сергей Гавриленко иеленді, үшінші орынды ҚР ҚК Ақпараттандыру және телекоммуникациялар бас басқармасының әскери қызметшісі аға лейтенант Алексей Шестак пен ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметшісі капитан Сергей Костенко өзара бөлісті.
«Қазіргі уақытта ҚР Қарулы Күштерінде мемлекеттік тілді шамамен 15 жарым мың әскери қызметші оқып-үйренуде. Жыл сайын саны өзгеріп тұрады, себебі, әскери қызметшілер бір деңгейден басқа деңгейге ауысып отырады. Ал қазақ тілін меңгерудің тереңдетілген курсынан өткендер оқып-үйренуді аяқтайды. Тіл даярлығы үш деңгей бойынша өтеді. Бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген, офицерлер мен қызметкерлерді ғана емес, сонымен бірге ҚР Қарулы Күштерінің басшылық және командалық құрамын қамтиды.», - делінген хабарламада.
Осы жылы мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау үшін жоғары офицерлер құрамының 337 өкілі тест тапсырды. Оның қорытындысы бойынша емтихан тапсырғандардың 82% өз білімдерін растады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді