- Басты
- Жаңалықтар
- «Кәсібі бойынша үздік – бухгалтер» байқауының жеңімпазы миллион теңге алды (ФОТО)
«Кәсібі бойынша үздік – бухгалтер» байқауының жеңімпазы миллион теңге алды (ФОТО)
Министрлік ұжымына ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов құттықтау лебізін жеткізді. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында қалыптасу кезеңінен бастап халықаралық деңгейде мойындату кезеңдерінен өткенін атап өтті. Жиырма жылдан сәл ғана асатын уақыт ішінде мықты мемлекет, жаңа экономика мен жаңа тұтас қоғам құрылды. Қазақстан алдына ауқымды міндеттер қойып отыр, олардың шешімі ұзақ мерзімді перспективада мемлекет дамуының іргетасы болып қаланбақ.
Министрліктің бірқатар қызметкерлері «Құрмет» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен және жұмыстағы жанкештілігі мен адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Салтанатты шараның концерттік бағдарламасы Министрлік қызметкерлерінің өз күшімен ұйымдастырылып, онда қазақстандық танымал авторлардың Отансүйгіштік, махаббат, патриотизмдік жаңа әндері орындалды.
Салтанатты жиналыстың ерекше қонақтары қатарында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қолдауымен «Қаржы академиясы» АҚ ұйымдастырған байқау қатысушылары болды. Ұйымдастырушылардың бұл байқауды өткізудегі мақсаты – бухгалтерлер мамандығының мәртебесін көтеріп және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп мамандарының кәсіби шеберлігін шыңдау болатын.
Байқау оn-line режимінде үш ай бойы Бірінші мамандандырылған әлеуметтік желі www.1ccc.kz порталында өткен болатын.
Байқау жеңімпазы және 1 миллион теңгенің иегері болып «Профессионал» аудиторлық агенттігінің директоры Надежда Смелянец танылды. Ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері бойынша Консультативтік орган құрамына мүше болды. Сөз реті келгенде, Надежда Смелянецтың үш жоғары білімі бар екенін айтар едік.
«Бухгалтерлік есеп, аудит бойынша стандарттар, заңнамалар, ақпараттық технологиялар біздің кезімізде өте жиі алмасады. Біз қалай оқуды тоқтатамыз, солай біздің біліміміз өзектелігін жоғалтады. Сондықтан біз үнемі өз біліктіліктерімізді арттырып отырамыз. Мен өз фирмамда барлық қызметкерлеріме осындай талап қоямын», – дейді Надежда Смелянец.
Құрметті екінші орын мен 500 мың теңге жүлдені «Ауыл шаруашылығы биотехнологиялары ҒЗИ» ЖШС бас бухгалтері Гүлмира Қабдрахметова алды. Үшінші орын иегері «USTAM» ЖШС бас бухгалтері Рәбиям Серікбаеваға - 300 мың теңге берілді.
Жүлде қорын конкурстың ресми демеушілері: «Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ мен Аудиторлардың үлкен төрттігі —EY («Эрнст энд Янг – консультациялық қызметтер» ЖШС), KPMG («КПМГ Аудит» ЖШС), (Компания ПрайсуотерхаусКуперс) PwC және («Deloitte») Deloitte қалыптастырды.
Конкурс финалистері сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің алғыс хаттары мен біліктілікті арттыру курстарына ақысыз баруға сертификаттардың иегері болды.
Конкурс финалистері өткізілген конкурс кәсіптің абыройын көтергенін, ал оның жүлде қоры кәсіби дағдыларын арттыру үшін жақсы ынталандыру болды деп атап өтті.
«Қаржы академиясы» АҚ бұдан кейін де мұндай конкурстарды дәстүрлі етіп, оны басқа да кәсіптер бойынша өткізуді жоспарлап отыр.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады