Павлодарда 180 тұрғын қоныс тойын тойлауда

19 Желтоқсан, 2015 10:34
Павлодардың 180 тұрғыны баспаналы болды. Қалада жалпы алаңы 11 116,44 шаршы метрді құрайтын 9 қабатты 4 подъезді тұрғын үй салынды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Бұл тұрғын үйдің құрылысына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ желісі бойынша іске асыру арқылы қол жеткіздік. Бұл біздің Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлесіп салып отырған алғашқы үй емес, биылғы жылы Елгин, 47/1 мекенжайы бойынша 35 пәтерлік үйді пайдалануға бердік. Алдағы жылы жаңа нысандарды салуға мораторий енгізілгеніне қарамастан 2014 жылы басталған жобалардың құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз.  Яғни, салынып жатқан «Сарыарқа» шағын ауданының алғашқы үйлері пайдалануға беріледі»,- деп атап өтті облыс әкімі Қанат Бозымбаев. 

Сондай-ақ жалпы алаңы 8,2 мың шаршы метр болатын 108 пәтерлік екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

Барлық жаңалықтар