Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Астанада 40 шырша орнатылды

18 Желтоқсан, 2015 17:09
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Астанада 40 шырша орнатылды, Strategy2050.kz АА-ға Астананың мұрағат және құжат, мәдениет басқармасы хабарлады.

«Осы жылы елордада 40 шырша орнатылды, олар барлық ауданды қамтыды: «Сарыарқа» ауданында -7, «Алматы» ауданында – 6, «Есіл» ауданында – 9, сауда орталықтарында – 18», - делінген хабарламада.

Мәселен, Жеңіс және І.Есенберлин көшелерінде, «Астана» халықаралық әуежайы алдында, «Алау» спорт кешені алдында, «Бәйтерек» монументі алдында, Цирк пен «Арай» саябағында орнатылды.

Айта кетерлігі, бас шырша 25 метрлік «Хан Шатыр» СК аймағында орналасты.

«Қаланы безендіру жұмыстары толығымен аяқталды. Қаланы жарық шамдар мен әсем аркалар әрледі», - деп хабарлады ведомство.

 

Барлық жаңалықтар