Қазақстанда геологиялық зерттеу орталығы құрылады

7 Қараша, 2013 18:19
«Қазгеология» Ұлттық геология барлау компаниясы» АҚ Назарбаев Университетімен біріге отырып геологиялық зерттеу орталығын құруды жоспарлап отыр. Бұл жайында Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жер қойынауын пайдалану саласы белсенді қызметті талап ететінін ескертіп, елде барланбаған жерлердің де бар екенін айтып, бұрын табылған кен орындарының игеріліп, алмастырылмағанын мәлімдеген еді.

«Биыл ешқандай да жер қойынауын игеру бойынша байқау өтпей, шет елдік инвесторлармен бірде бір келісімшарт түзілмеді. Игерілмеген жер қойнауына бірде бір шет елдік инвестор тартылмады», - деген болатын Мемлекет басшысы.

«Компания Назарбаев Университеті, «Самұрық-Қазына» АҚ және Colorado School of Mines-пен біріге отырып геологиялық салада елдің білім беру, ғылыми және өндірістік әлеуетін біріктіретін әлемдік дәрежедегі геологиялық зерттеу орталығын құруды жоспарлап отыр», - деді Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев. 

«Қазгеология» Ұлттық геология барлау компаниясы» АҚ мәліметінше, келер жылы Қазақстанда геологиялық кластер құрылысын қолға алмақ. Орталықты құру жұмыстары бірнеше кезеңге созылады. Бүгінге дейін Орталықтың кен орындары нақтыланды. Оның құрылысы 2014 жылдың үшінші маусымында басталмақ.

Барлық жаңалықтар