• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының спортшысы Тынық мұхит-Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

Ақмола облысының спортшысы Тынық мұхит-Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

19 Желтоқсан, 2015 14:32
Ақмола облысының спортшысы Павел Марда Ташкентте пауэрлифтингтен өткен Тынық мұхит-Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты. Дүбірлі додада спортшы 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».

Сонымен қатар, спортшы жеке жаттығу түрлері бойынша үш кіші медаль еншіледі: екі күміс, бір алтын. Жеңімпаздың жаттықтырушысы Кирилл Павленко, ол өзінің спорттық карьерасында бірқатар биік белестерді бағындыра білген.

Бұдан басқа, ҚР құрамасының қоржынына тағы бір күміс медальды 47  келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Анастасия Колесникова салды.  Анастасияның жаттықтырушысы – әкесі Юрий Колесников.

Чемпионатқа барлық жас санаттары бойныша 18 жасқа дейінгі жасөсіпірімдер мен қыздар қатысты, сонымен қатар 70 жастан асқан төртінші топ бойынша да спортшылар болды. Бұдан басқа көруі нашар кембағал жандарда өзара бақ сынады.

 

Барлық жаңалықтар