Қарағандыда 56 отбасы баспаналы болды

18 Желтоқсан, 2015 18:03
Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков 56 отбасыға жаңа үйдің кілттерін табыстады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Кез келген адам, кез келген отбасы үшін өмірде баспана мәселесі ерекше орын алады. Сол себепті бүгінгі күні егемен елімізде тұрғын үй мәселесін шешуге байланысты ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында 56 отбасы баспаналы болады. Бұл – үлкен қуаныш»,-деді аймақ басшысы. 

Айта кетерлігі, биыл облысымызда 11 айдың қорытындысы бойынша 272 мың шаршы метр пайдалануға беріліп, мыңдаған отбасы баспаналы болды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы республикалық және облыстық бюджеттен тағы 11 нысанның құрылысы жалғасуда. Бұның барлығы – облыс тұрғындарының әлеуетін жақсарту үшін жасалып отырған жұмыстар.

 

Барлық жаңалықтар