- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс алдағы жалпы отырыста қаралатын мәселелерді талқылады
Мәжіліс алдағы жалпы отырыста қаралатын мәселелерді талқылады
Халық қалаулылары назарына рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылып отыр.
Сонымен қатар, осы күні Мәжілісте 2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Қырғызстанмен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерісті енгізу туралы үкіметаралық хаттаманы және білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны ратификациялауға қатысты заң жобалары талқыланбақ.
Жалпы отырыста депутаттар бірқатар ратификациялық құжаттар бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ.
Олар: Ресеймен 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын сондай-ақ, Қазақстан аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шарттарға өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық хаттамаларды, сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы және Сары-Шаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру шарттары және Приозерск қаласының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету туралы келісімдерге түзетулерге қатысты хаттамаларға байланысты болып отыр.
-
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ҚМ: Жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеді -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Мектептегі «экологиялық білім» пәні экологиялық мәселелерді шешуге қаншалықты әсер ете алады -
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты" -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды