• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы – Елбасының ғылым мен техника саласына көрсеткен ықыласы

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы – Елбасының ғылым мен техника саласына көрсеткен ықыласы

18 Желтоқсан, 2015 13:01
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы – Мемлекет басшысының ғылым мен техника саласына көрсеткен ықыласы, деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да.

«Мемлекеттік сыйлық алуға экономиканың түрлі салаларында жаңа өнім мен технология жасап шығару бойынша ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызметтің мойындалған нәтижелері ұсынылған. Әл-Фараби атындағы сыйлыққа ұсынылған жұмыстың қазақстан халқы үшін экономикалық және әлеуметтік әсері болуы тиіс», - деді Т.Балықбаев.

Айта кетейік, осы жылдың  14 желтоқсанында Ақордада, республикалық БАҚ-қа кеңінен жарыққа шығара отырып, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығын лауреаттарға тапсыру церемониясы өтті.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын 40 отандық ғалымдар, оның ішінде 4 әйел, 35 жасқа дейінгі 3 жас ғалымдар алды.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар