• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Балықбаев: 2015 жылы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық көлемі 18,6 млн теңгені құрады

Т.Балықбаев: 2015 жылы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық көлемі 18,6 млн теңгені құрады

18 Желтоқсан, 2015 12:40
2015 жылы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық көлемі 18,6 млн теңгені құрады, деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да.

Мемлекеттік сыйлық алуға экономиканың түрлі салаларында жаңа өнім мен технология жасап шығару бойынша ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызметтің мойындалған нәтижелері ұсынылған. Әл-Фараби атындағы сыйлыққа ұсынылған жұмыстың қазақстан халқы үшін экономикалық және әлеуметтік әсері болуы тиіс.

«Ғылым мен техника саласындағы сыйлықтар екі жылда бір рет тағайындалады. Сыйлық көлемі 18,6 млн.теңгені құрайды. Аталған шаралар ғалымдар еңбегін және олардың ғылымға қосқан шынайы үлесін ынталандыруға, ғылымды қажетсінетін экономиканы дамытуға бағытталған», - деді ол.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның қарауына 26 жұмыс ұсынылды.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлығын тағайындау бойынша Мемлекет басшысына 7 жұмыс ұсынылды.

ҚР Президентінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 125 Жарлығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлығы:  «Плазманың кванттық және коллективтік қасиеттері: жаңа технологиялардың теориялық негіздері» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін; «Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру үшін ғарыш ғылымының әдістері мен технологияларын дамыту» тақырыбындағы  жұмыстар циклі үшін; «Әлемдік технология нарығында Қазақстанның мәртебесін көтерген және еліміздің инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан алтын мен қорғасын металлургиясы облысында жасалған әзірлемелерді өндірісте іске асыру» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін; «Қазақстанда бекіре шаруашылығының ғылыми-техникалық негіздерін қалыптастыру және инфрақұрылымын жасау» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін; «Таңдамалы шығармалар» (10 томдық) тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін; «Ұршық буынының хирургиясында эндопротездеуді қолдану арқылы инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы жұмысы үшін; «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін берілді.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар