Ақтөбеде бірқатар әлеуметтік нысан ашылды

18 Желтоқсан, 2015 16:04
Ақтөбеде бірқатар әлеуметтік нысан ашылды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Ақтөбе қаласында 320 орындық балабақша ғимараты бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Бұл әлеуметтік нысан - мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа мөлтек ауданға салынған тұңғыш мектепке дейінгі мекеме 

Үш қабатты ғимараттың сапасы бүгінгі заманның барлық талаптарына жауап береді. Балабақшадағы кең әрі жарық бөлмелер 16 топқа лайықталып салынған.

«Нұр-Ақтөбе» мөлтек ауданына салынуы тиіс әлеуметтік нысандар құрылысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бүгін ашылған балабақша құрылысына 520 млн теңге бөлінген. 

Сонымен қатар, алдағы жылдары тағы бір үлкен балабақша салу жоспарланып отыр. 

           

 

Барлық жаңалықтар