Қытайлық инвесторлар Ақтөбеде цемент зауытын салады

18 Желтоқсан, 2015 15:04
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарабаев пен «Хуасинь Цемент» ААҚ басқарма төрағасы Сюй Юнмо Ақтөбе облысында цемент зауытын салу инвестициялық жобасы бойынша келісімге қол қойды, деп хабарлады ІСБ.

«Huaxin Cement» трансұлттық компаниясы әлемдік цемент өндірушілердің 20-лығына енеді, 1 млн тонна цемент өндіретін зауыттың құрылысына 50 млрд теңге бөліп отыр.

Нысанның құрылысын 2016 жылдың ортасында бастау жоспарлануда. Жоба мемлекеттік бюджеттен қаржы қажет етпейді. Сондай-ақ, зауыттың құрылысы Батыс Қазақстанның Ресейден цемент импорттауын бәсеңдетеді. Индустрияландыру картасының бірде-бір жобасы жоқ Қарғалы ауданында құрылыс жүргізу қарастырылған. Нысанның құрылысына 500 адам қатыспақ.

Барлық жаңалықтар