• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жыл соңына дейін жер қойнауын игеру бойынша 40 келісімшарт бұзылады – ИЖТМ

Жыл соңына дейін жер қойнауын игеру бойынша 40 келісімшарт бұзылады – ИЖТМ

7 Қараша, 2013 18:14
Естеріңізге сала кетейік, 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жер қойынауын пайдалану саласы белсенді қызметті талап ететінін ескертіп, елде барланбаған жерлердің де бар екенін айтып, бұрын табылған кен орындарының игеріліп, алмастырылмағанын мәлімдеген еді.

«Биыл ешқандай да жер қойынауын игеру бойынша байқау өтпей, шет елдік инвесторлармен бірде бір келісімшарт түзілмеді. Игерілмеген жер қойнауына бірде бір шет елдік инвестор тартылмады», - деген болатын Мемлекет басшысы.

Осыған орай Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жыл соңына дейін жер қойын игеру бойынша 40 келісімшарт бұзылатынын мәлімдеді.

«Елбасы тапсырмасының бірі – келісімшартқа отырылып, алайда жұмыс істемей жатқан кен орындары қызметінің белсенділігін арттыру. Жыл соңына дейін осы мәселелерді шешіп, 40 келісімшартты бұзатын боламыз. Барлық келісімшарттар кен орындары мемлекетке пайдалоы түрде жұмыс істемейінше, бұзылатын болады»,- деді министр.

 

 

 

Барлық жаңалықтар