- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің әскери қызметшілеріне Астанадағы пәтерлердің кілті табыс етілді (ФОТО)
ҚР ҚК-нің әскери қызметшілеріне Астанадағы пәтерлердің кілті табыс етілді (ФОТО)
Бұл баспанаға 232 отбасы орналастырылады. Әскери қызметшілердің отбасы құрамына байланысты пәтерлер әртүрлі шаршы метрдегі 1-2-3-4 бөлмелі, абаттандырылған және ішінара жиһаздандырылған. Тұрғын үйдің ғимараты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан. Қазір әскери қызметшілер өздерінің жаңа үйлеріне көшуде.
«Пәтерлер кең, жылы, таза және онда өмір сүруге, отбасы, балалар үшін барлық қажетті дүниенің барлығы бар», - деп ағынан жарылды жаңа қоныстанған адамдар. Университеттің аумағында 306 пәтерлі абаттандырылған жатақхана да бар. Бұл жатақханада Ұлттық қорғаныс университетінің уақытша құрамы, яғни, магистранттар тұрады.
Баспанамен қамтамасыз ету еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін әлеуметтік қамтамасыз ету аясындағы ҚР Қорғаныс министрлігі қызметінің басымдық бағыты болып табылады. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2015 жылы күрделі құрылыс пен сатып алу, сондай-ақ қордағы баспананы жөндеу жолымен 2015 жылы офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге жалпы ауданы шамамен 92 580 шаршы метр 1 324 пәтер көзделген.
Сонымен қатар, өткен бес жыл ішінде Қазақстанның әр қалалары мен өңірлерінің бөлімдерінде қызмет атқарып жүрген 6 300-ден аса әскери қызметшінің тұрғын үй мәселесі шешілгенін айта кеткен жөн.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары