- Басты
- Жаңалықтар
- Жұлдыздар шайқасының кейіпкерлері тұңғыш рет қазақ тілінде сөйледі
Жұлдыздар шайқасының кейіпкерлері тұңғыш рет қазақ тілінде сөйледі
Жаңа, қызықты эпизодтарға толы «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» / «Звездные войны: Пробуждение силы» атты фантастикалық фильм – дубляждау бойынша жобаны қолға алғаннан бастап қазақ тіліне аударылған он үшінші кино туынды болып есептеледі. Дубляждау жұмыстары еліміздің бас қаласы Астана қаласындағы «ArayМediaGroup» дыбыс жазу және дубляждау студиясында жүргізілген.
Жоба жетекшісі Абзал Бекмағанбетов былай деді: ««DISNEY» студиясының қоятын талаптары өте жоғары, алайда біздің компания өзінің жас екеніне қарамай жоғары кәсіби біліктілік межесінен көрініп, қазақ тіліндегі сапалы дубляжды іске асыра білді. Дубляждау жұмыстарын жүргізу кезінде қызықты және есте қалар жағдайлар да көп болды. Мәселен, ҚР мәдениет қайраткері Бекболат Құрманғожаевқа 10 жылдан артық уақыт дыбыстап жүрген Хан Соло рөлі түскен.
«Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы, Қуандық Бишімбаев өз сөзінде аталған жобаның маңыздылығын тілге тиек етті: «Бүгінгі жоба тілдерді дамыту бағдарламасын іске асыруға, мемлекеттік тілдің беделді бейнесін құруға және біздің еліміздің халықаралық байланыстарын алға жылжытуға қомақты үлес қосты. Біз мемлекеттік тілді отбасылық құндылық ретінде таратуымыз және оның қолданыс аясын кеңейтуіміз керек».
Дубляждың режисері Тимур Балымбетов үшін бұл «Галактика сақшылары» мен «Кек алушылар» картиналарынан кейінгі үшінші дубляждау жобасы болып отыр. Жоба туралы режиссер былай дейді: «Мен бұл жобаға үлкен ұстамдылықпен келдім, бұл жай ғана қатардағы фильм емес, адамзат онжылдық уақыт күткен атақты дастан».
Қазақ тіліндегі дубляждау жобасына 25-тен аса актерлар тартылған. Олардың ішінде: «Жұлдыздар шайқасы» картинасының басты кейіпкерлерін өздерінің дауыстары арқылы сөйлете білген Шахмұрат Ордабаев (Финн), Сауле Тұрдахунова (Рэй), Жасұлан Байсалбеков (Кайло Рэн), Бекболат Құрманғожаев (Хан Соло), Гүлназ Әуесбаева (Маз), Самат Қордабаев (По) сынды актерлар болды.
Фильмнің тұсаукесер шарасына «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев, «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли, Қазақстанның мәдениет, қоғам қайраткерлері, іскери және саяси орта өкілдері қатысты. Сондай-ақ балалар үйінің тәрбиеленушілері, блогерлер республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, жоба серіктестері, БАҚ өкілдері және т.б қатысты.
Фильм туралы анықтама: Он үш жыл өткеннен кейін Дарта Вейдер және Галактика Императоры қайтыс болғаннан соң әлем тағы да қауіпті сәтпен бетпе-бет келеді. Сноук және оның оң қолы Кайло Рен, өздерінің құпия басшыларымен бірге әлемге жаңа қожайындық тәртіптер енгізу үшін Империяға қарсы соғысқа аттанды. Осындай қиын-қыстау кезіңде жас бойжеткен Рей мен Жаңа әлем әміршісінің бұрынғы шабуылудаушысы Финннің, Империямен соғыста атақтары шыққан— Хан Соло, Чубакк және Леей Органдардың тағдырлары түйіседі. Олар күш жұмылдыра отырып Жаңа билеушіге қарсы соғыс ашуы тиіс. Шектен тыс күш пен билікке ие Сноук және Кайло Ренді тоқтату қиынға соғады. Галактикада олардың біреуі ғана тірі қалуы керек...
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады