• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҰЭМ-да монополияға қарсы қызмет тұжырымдамасының жұмысын ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру бойынша өзгертулер жасақталды

ҰЭМ-да монополияға қарсы қызмет тұжырымдамасының жұмысын ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру бойынша өзгертулер жасақталды

18 Желтоқсан, 2015 12:26
Ұлттық экономика министрлігінде монополияға қарсы қызмет тұжырымдамасының жұмысын ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру бойынша өзгертулер жасақталды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ «Strategy2050.kz» АА жіберген хабарламасында айтылған.

Айта өтейік, Ұлт жоспарына сәйкес   ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру мақсатында монополиямен қызмет жұмысының тұжырымдарын өзгерту керек. Қызметті жаңғырту еркін бәсекелестікті  дамытуға бағытталуға тиіс.

«Министірлік монополияға қарсы қызметтің тұжырымдамасын өзгерту және оны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру бойынша екі деңгейлі тәсіл жасақтады», - делінген хабарламада.

Сонымен, бірінші кезеңді жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер кодексі қабылданды, оған бірқатар өзгертулер енгізді.

«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап басым бөліктер реестрі тек жоғары шоғырланған (реттелетін) нарық субъектілеріне қатысты жүргізілетін болады. Ал, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап реестр мүлдем алынып тасталады», - деп ведомстводан хабарлады. 

Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағаны реттеу монополияға қарсы реттеу құралымен алмастырылады.

«53-қадамда көрсетілген реформаларды енгізу монополияға қарсы қызмет жұмысының тиімділігін арттыруы тиіс, сонымен қатар сот жүйесіне түсетін салмақты азайтады, бұдан басқа нарық субъектілеріне түсетін әкімшілік салмақты төмендетеді», - деп ведомстводан хабарлады.

Сонымен қатар екінші кезеңде шолу нәтижесі бойынша Қазақстанның монополияға қарсы ұлттық заңнамасын ЭЫДҰ тәжірибесі мен стандарттарына сәйкестендіру бойынша ұсыныстар беріледі. 

«Бүгінде комитет «Бәсекелестік  мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңжобасының тұжырымдамасы жасақтады», - делінген хабарламада. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар