• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 2015 жылдан 2020 жылға дейін еурокод жүйесін енгізетін жаңа нормативтік базаға көшу қарастырылған

Қазақстанда 2015 жылдан 2020 жылға дейін еурокод жүйесін енгізетін жаңа нормативтік базаға көшу қарастырылған

18 Желтоқсан, 2015 11:52
Қазақстанда 2015 жылдан 2020 жылға дейін еурокод жүйесін енгізетін жаңа нормативтік базаға көшу қарастырылған. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген ақпаратында Ұлттық экономика министрлігі Ұлт жоспарының «100 нақты қадамы» 49-шы қадам – Құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу бойынша мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, 2010 жылдан бастап ҚР құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесін реформалау жүзеге асырылуда.  Аталмыш тапсырма аясында ТКШ және құрылыс, жер ресурстары  комитеті  төрағасының бұйрығымен  2015 жылдың 1 шілдесінен бастап құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу бойынша нормативтік база құрылды», - делінген хабарламада.

Аталмыш нормативтік база еуропалық және әлемдік техникалық реттеу жүйесіне интеграциялануға мүмкіндік береді.  Шетелдік инвестицияларды тартуда техникалық кедергілерді алып, инновациялық технология мен материалдарды қолдану, қазақстандық мамандардың нарықтағы бәсекелестігін арттыру, қазақстандық нарықтың шетелдік нарыққа шығуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Аталмыш тапсырма барысында 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы Үкіметтің № 1509 қаулысымен ҚР құрылыс бойынш  нормативтік базаны реформалау тұжырымдамасы нақтыланды.

Бірінші – дайындау кезеңінде (2013-2014 жылдары) еурокодтар негізінде 455 бірлік нормативтік база әзірленді.

Екінші кезең, 2015 жылдың 1 шілдесінен басталады. 2020 жылға дейінгі нормативтік база дайындалды. Үшінші кезең, 2020 жылдан 2025 жылға дейінгі  уақыт бойынша нормативтік база дайындалды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар