• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҰЭМ: 2015 жылдың соңына дейін жанама салық салу тетіктерін жетілдіруді әзірлейтін жұмыс тобы құрылады

ҰЭМ: 2015 жылдың соңына дейін жанама салық салу тетіктерін жетілдіруді әзірлейтін жұмыс тобы құрылады

18 Желтоқсан, 2015 15:49
2015 жылдың соңына дейін ҰЭМ жанама салықтардың механизмін жетілдіру бойынша жұмыс тобын құрады. Бұл туралы Strategy2050.kz АА-ға Ұлттық экономика министрлігі Ұлт жоспары «100 нақты қадам» - 44, 45 қадамдарды, яғни «Жанама салық салу тетіктерін жетілдіру. Қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу және кіріске шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы қолданыстағы салық режимін оңтайландыру» ақпарат берді.

«Аталмыш шараларды жүзеге асыру үшін осы жылдың соңына дейін министрлік қызығушылық танытып отырған мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдардың қатысуыме заңнамалық нормаларды құру бойынша жұмыс тобы құрылды», - делінген хабарламада.

Жұмыс тобы аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген нормалар мен бизнес-құрылымдар дайындаған ұсыныстар талқыланады.

ҰЭМ атап өткендей, Жаңғырту және экономикалық өсім бойынша Ұлттық комиссия аталмыш шаралар бойынша нақты шешім қабылдаған жоқ.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар