• Басты
  • Жаңалықтар
  • Индустрияландыру картасы бойынша 7 жоба жыл соңында қолданысқа енеді – Ә. Исекешев

Индустрияландыру картасы бойынша 7 жоба жыл соңында қолданысқа енеді – Ә. Исекешев

7 Қараша, 2013 18:12
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жоспары бойынша желтоқсан айында Индустрияландыру картасы бойынша 7 ауқымды жоба жүзеге асады, деп Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев хабарлады.

Аймақтық даму саласында тиімді индустриалды саясатты қолданған жөн. Бұл жайында Ел Президенті Н. Назарбаев 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан болатын. Ол индустрияландырудың бірінші «бесжылдығы» жақсы нәтиже беруі тиіс.

Қолданысқа 2,1 трлн теңге тұратын 563 жоба енгізілді. 70 мың жұмыс орны ашылды.

«Біз бұл бағдарламаны дағдарыстың қайнап тұрған кезінде қабылдадық. Бізден кейін АҚШ, Жапония. Түркия сынды елдер аталмыш бағдарламаны  іске қосты. Енді екінші «бесжылдықтың» бағдарламасын сапалы жасап шығуымыз қажет», - деді Н. Назарбаев.

«2013 жылы 500 млрд теңгені құрайтын 140 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ол 13 мың жұмыс орнын ашады. Үкіметтің қарамағындағы жобалар да өте маңызды. Ағымдағы жылы Индустриаландыру бойынша 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олар желтоқсан айында дайын болады», - деді Ә. Исекешев.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, 6 жоба бойынша Атырау, Жамбыл, Өскемен  аймақтарында құрылыс жұмыстары жүретін болады.

«Жалпы, осы жылы барлық жобалар бойынша бір жарым млрд теңге инвестиция болады деп күтудеміз. Оған 78 мың адам жұмылдырылады», - деді ол.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар